Азиада-2025: конькимен жүгіруден алғашқы күні қандай нәтиже көрсеттік?
![Азиада-2025: конькимен жүгіруден алғашқы күні қандай нәтиже көрсеттік?](https://prosports.kz/storage/images/520ed34534f899ea2e79f710d9de0baa_OvGjJStq9cbuy8hgflc1DNIYUsjowzFtgKdkkQDB.jpg.webp)
Харбинде өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарында 8 ақпан күні конькимен жүгіруден медальдар екі қашықтықта сарапқа салынды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстандық Евгений Кошкин 100 метр қашықтықта күміс жүлдеге ие болды.
Алтай Жәрдембекұлы медальға бір қадам жетпей, төртінші орын алды. Артур Галиев – 12-орын, Никита Важенин – 15-орын.
Әйелдер арасында Кристина Силаева сегізінші нәтиже көрсетті. Инесса Шумекова – 13-орын, Маргарита Галиева – 14-орын, Дарья Важенина – 15-орын.
Сондай-ақ, 1500 метрге жүгіруден сайыс өтті.
Надежда Морозова үздік ондыққа кіріп, сегізінші орын алды.
Кристина Шумекова – оныншы, Мария Деген – 14-орын, Арина Ильященко – 16-орын.
Ерлер арасында Нұралы Ақжол – сегізінші, Демьян Гаврилов – тоғызыншы, Роман Биназаров – оныншы, Бақдәулет Сағатов – 15-орынға тұрақтады.