Елена Рыбакина титулын қорғай алмады

БАӘ астанасы Әбу-Дабиде WTA-500 сериясындағы турнирдің жартылай финалдық кездесулері өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Турнирдің қазіргі чемпионы, қазақстандық Елена Рыбакина жартылай финалда басты қарсыластарының бірі – Токио Олимпиадасының чемпионы, швейцариялық Белинда Бенчичке 6:3, 3:6, 4:6 есебімен жол берді.
Осылайша, қарсыластар арасындағы жеке кездесулердегі есеп 2:1 есебімен Белинданың пайдасына өзгерді.
Финалдық кездесуде швейцариялық теннисші америкалық Эшлин Крюгермен кездеседі. Ол алғаш рет WTA-500 турнирінің финалына шықты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или