«Ұлытау» 30 жастағы қорғаушымен келісімшарт жасасты

«Ұлытау» 30 жастағы қорғаушымен келісімшарт жасасты

«Ұлытау» футбол клубы 30 жастағы қорғаушы Сергей Кейлермен келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сергей – алматылық «Қайраттың» түлегі. Мансабында ол петропавлдық «Қызыл-Жар», қызылордалық «Қайсар», көкшетаулық «Оқжетпес», оралдық «Ақжайық» және семейлік «Елімай» ұжымдарында өнер көрсетті.

Футболшы алматылық «Қайрат» сапында 97 кездесу өткізіп, төрт гол соққан. Сары-қаралардың сапында 2020 жылы ел чемпионы атанып, 2018 және 2021 жылдары Қазақстан кубогын жүлделеген.Футболшының Қазақстанның жасөспірімдер құрамаларында халықаралық деңгейде ойнау тәжірибесі бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или