Қазақстан U17 құрамасы «Даму Кубогында» бақ сынайды

Қазақстан U17 құрамасы «Даму Кубогында» бақ сынайды

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға бапкері Бауыржан Сағындық Минскте (Беларусь) өтетін «Даму Кубогы» халықаралық турниріне шақырылған футболшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz 

Қазақстан U-17 құрамасының оқу-жаттығу жиыны 8 ақпанда Талғардағы ҚФФ құрама командалары Базасында өтеді.

Жарысқа сегіз команда қатысады: Қазақстан, Беларусь, Өзбекстан, Әзербайжан, Ресей, Иран, Тәжікстан (бәрі – U17) және бразилиялық BSA Academy командасы.

Командалар екі топқа бөлінеді. «Б» тобында біздің команда Иран, Тәжікстан және Ресей құрамаларымен ойнайды. «А» тобы Беларусь, Өзбекстан, Әзербайжан және BSA Academy командаларынан тұрады.

Қақпашылар: Мадияр Төлеубек («Ертіс»), Тамерлан Жанабергенов («Астана»), Данила Буч («Қайрат»);

Қорғаушылар: Райымбек Кеңесбеков, Әкежан Каликулов («Қайрат»), Әлихан Жексенбек, Әли Аскербеков («Астана»), Хасен Артурұлы, Азамат Мұсаев («Ақтөбе»), Саян Қанат («Ертіс»), Сәкен Ибадулла («Қызылжар»), Ахметали Нұрланұлы («Жас Қыран»);

Жартылай қорғаушылар: Төре Исмағұлов, Дәулет Орынбасар, Абылай Төлеухан («Қайрат»), Әлихан Әли, Дінмұхамед Махмұдов («Оңтүстік»), Ернар Тойғозы («Ертіс»), Даниял Назаров («Астана»), Руслан Рахметов («Ертіс»), Арафат Молдағалиев («Жетісу»), Илья Гезик («Шахтер»);

Шабуылшылар: Ербол Құрманахан («Жетісу»), Марк Анискин («Жас Қыран»), Ален Пак («Астана»), Азамат Асқарұлы («Тараз»), Тимур Рахимов («Ордабасы»), Руслан Уәлихан («Астана»);

Бапкерлер штабы: Бауыржан Сағындық – аға бапкер, Асхат Құсайынов – аға бапкердің көмекшісі, Әсет Айтмағанбетов – дене даярлығы жаттықтырушысы, Валишер Рашид – қақпашылар бапкері, Азамат Серікбаев – бейнеоператор, Нұрсұлтан Болатбеков – дәрігер, Станислав Ведлер – массажист, Әнуар Жандарбеков – менеджер.

Даму Кубогы-2025 матчтарының кестесі (Қазақстан уақыты көрсетілген):

16 ақпан (жексенбі)

12:30 BSA Academy - Өзбекстан U17
14:50 Иран U17 - Қазақстан U17
17:10 Ресей U17 - Тәжікстан U17
20:00 Беларусь U17 - Әзербайжан U17

17 ақпан (дүйсенбі)

13:00 Иран U17 - Тәжікстан U17
15:20 BSA Academy - Әзербайжан U17
17:40 Ресей U17 - Қазақстан U17
20:00 Беларусь U17 - Өзбекстан U17

19 ақпан (сәрсенбі)

13:00 Өзбекстан U17 - Әзербайжан U17
15:20 Қазақстан U17 -Тәжікстан U17
17:40 Ресей U17 - Иран U17
20:00 Беларусь U17 - BSA Academy

21 ақпан (жұма)

12:00 «А» тобының төртінші орны – «В» тобының төртінші орны
14:20 «А» тобының үшінші орны – «В» тобының үшінші орны
16:40 «А» тобының екінші орны – «В» тобының екінші орны
19:00 «А» тобының жеңімпазы – «В» тобының жеңімпазы.

Дереккөз: kff.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или