Қазақстан құрамасы ІХ қысқы Азия ойындарының салтанатты шеруінен жүріп өтті

Қазақстан құрамасы ІХ қысқы Азия ойындарының салтанатты шеруінен жүріп өтті

Харбинде 2025 жылғы IX қысқы Азия ойындары ресми түрде ашылды, деп хабарлайды Prosports.kz 

Салтанатты ашылу рәсімінің сюжеті Харбиннен Қытайдың басқа өңірлеріне, одан әрі бүкіл Азияға бағытталған саяхатты бейнеледі. Сонымен қатар, бұл қойылым баланың өсуі, оның армандары, мақсаттары және сол армандарды жүзеге асыру жолы туралы әсерлі оқиғаны көрсетті.


Шоу бағдарламасының бас режиссері – Ша Сяолань. Ол бұған дейін Ханчжоудағы Азия ойындары мен 2022 жылғы Бейжің Олимпиадасының шығармашылық топтарында жұмыс істеген.

Қазақстан құрамасы да қысқы Азия ойындарының ашылу рәсіміне қатысты.


Көк туымызды Әділ Бекетаев желбіретіп, жанында Ольга Тихонова болды.


Айта кетейік, Қытайдың Харбин және Ябули қалаларында өтетін қысқы Азия ойындарына Қазақстан құрамасынан 137 спортшы қатысады.

Жерлестеріміз 6 спорт түрінен бақ сынап, 51 медаль жиынтығын сарапқа салады. Харбиндегі (Қытай) дода 14 ақпанға дейін жалғасады.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или