Фристайл-могулдан әлем кубогы кезеңінде қазақстандық спортшы екінші орын алды

Фристайл-могулдан Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшысы Павел Колмаков Дир-Вэллиде (АҚШ) өткен әлем кубогы кезеңінде екінші орын алып, ел қоржынына жүлде салды, деп хабарлайды Prosports.kz
Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, отандасымыз жекелей могулда жоғары нәтиже көрсетіп, финалда 84,95 ұпай жинап, күміс медальмен жарысты аяқтаған.
Алтын медаль жапониялық спортшы Икума Хоришимаға бұйырды. Ол 86,24 ұпай жинаған. Үшінші орынды 83,82 ұпаймен Франция өкілі Бенджамин Каве иеленді.
Дереккөз: Kaz.inform.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или