«Ордабасы» маусымды «Түркістан аренада» бастайтын болды

Шымкенттік «Ордабасы» клубы маусымның алғашқы матчтарын Түркістан қаласындағы «Түркістан аренада» стадионында өткізетін болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі хабарлады:
«Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы "Орталық" стадионда жаңарту жұмыстарына байланысты, «Ордабасы» футбол клубы сәуір айының ортасына дейін ойындарды «Түркістан арена» стадионында өткізеді.
Стадионда жаңа табиғи төсеніш және автоматты суару жүйесі орнатылады»,- делінген клубтың ресми жариялаған ақпаратында.
Шымкенттік клуб қазір Түркияда екінші оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Жиын барысында аталған клуб бес бақылау матчтарын өткізеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или