Хоккей. Роман Старченко: басты мақсатымыз - бірінші орын алу

Хоккей. Роман Старченко: басты мақсатымыз - бірінші орын алу

Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасының ең тәжірибелі ойыншыларының бірі 2025 жылғы Азия ойындарындағы басты міндетін атады.

7 ақпанда команда топтық кезеңдегі үшінші матчында Тайбэй құрамасын ірі есеппен жеңді.

"Көңіл күй жақсы. Жігіттермен сөйлесуге, хоккей ойнауға және басқа елдердің командаларын бақылауға мүмкіндік бар.

Бүгін ірі есеппен жеңіске жеттік. Қарсыластар аса жоғары деңгейде болмағаны түсінікті. Сондықтан өз ойынымызды көрсетіп, сәттерді қалт жібермедік.

Негізгі қарсыластар туралы айтсақ, Жапония, Оңтүстік Корея және Қытай құрамалары мықты командалар. Бірақ біздің жалғыз мақсатымыз – бірінші орын алу.

Азиададағы жағдай жақсы, барлық жағдай жасалған. Маусым жүріп жатқандықтан, дайындыққа көп уақыт болған жоқ. Бірақ бапкерлер тактикалық тапсырмалар беріп, құрамдарды пысықтауда", – деді хоккейші.

Дереккөз: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или