Қазақстан Азия ойындарында Тайбэй құрамасын ірі есеппен ұтты

Шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы 2025 жылғы Азия ойындарының топтық кезеңінде үшінші матчын өткізді. Жарыс Қытайдың Харбин қаласында өтуде.
Ұлттық құрама кезекті жеңісіне қол жеткізіп, Тайбэй командасын ірі есеппен ұтты.
Қазақстандық хоккейшілер ойын барысында 17 рет гол соғып, қарсыластарына өз қақпасына шайба салуға мүмкіндік бермеді.
Олег Болякин бастаған жігіттер 2025 жылғы Азия ойындарында жеңіліссіз өнер көрсетуін жалғастыруда.
Сурет: Тұрар Қазанғапов, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі
Дереккөз: Olympic.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или