«Ливерпуль» «Барселона» жартылай қорғаушысын сатып алғысы келеді

«Ливерпуль» «Барселона» жартылай қорғаушысын сатып алғысы келеді

«Ливерпуль» алдағы жазда 27 жастағы «Барселона» жартылай қорғаушысы Френки де Йонгты сатып алу мүмкіндігін қарастырып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Caught Offside мәліметінше, англиялық клуб жартылай қорғаныс шебін күшейткісі келеді. «Барселона» нидерландтық футболшыны 35 млн еуроға сатуы мүмкін екені атап өтілген. Де Йонгтан бөлек, «Ливерпуль» «Штутгарттың» 23 жастағы жартылай қорғаушысы Ангело Штиллердің де ойынын бақылап жүр.

Осы маусымда де Йонг барлық турнирде 21 матчқа қатысып, екі гол соғып, бір нәтижелі пас берген. Ойыншының клубпен қазіргі келісімшарты 2026 жылдың жазына дейін есептелген. Transfermarkt порталы футболшыны 45 млн еуроға бағалап отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или