Қазақстандық шабуылшы ташкенттік клуб ойыншысы атанды

Қазақстандық шабуылшы ташкенттік клуб ойыншысы атанды

Қазақстандық шабуылшы Андрей Буяльский ташкенттік «Хумо» ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Shaiba.kz сайтына сілтеме жасап.

24 жастағы форвард осы маусымды «Барыс» сапында бастаған еді, бірақ ҚХЛ тұрақты чемпионатында өткізген 3 ойында ұпай жинай алмады.

Кейін хоккейші «Сарыарқа» командасына ауысты. Қарағандылық клуб сапында 8 матч өткізіп, 7 (3+4) ұпай жинады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или