Қазақстанның бірінші ракеткасы БАӘ-дегі турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина БАӘ-нің Әбу-Даби қаласында өтіп жатқан WTA-500 санатындағы турнирдің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ширек финалда ол әлемнің 33-ракеткасы, тунистік Онс Жаберді жеңді.
Матч 6:2, 4:6, 7:6 (7:4) аяқталды.
Олардың өзара кездесулеріндегі есеп теңесті – 3:3.
Айта кетейік, қазақстандық спортшы бұл турнирдің қазіргі чемпионы саналады.
Жартылай финалда Рыбакина Олимпиада чемпионы швейцариялық Белинда Бенчичпен кездеседі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или