Әли Әлиев: «Ең бастысы – жанкүйерлердің сенімін ақтауымыз керек»

Әли Әлиев: «Ең бастысы – жанкүйерлердің сенімін ақтауымыз керек»

Қазақстан ұлттық құрамасы бас бапкерінің міндетін атқарушы Әли Әлиев баспасөз мәслихатында алдағы жоспарларымен бөлісті.

«Бұл қызметті отандық маманға сеніп тапсырғаны үшін ҚФФ президентіне алғысымды айтамын. Онымен сөйлескенде, құраманың жасарып, ойыны жылдам әрі агрессивті болуы керегін айтты. Біз де дәл осы бағытты ұстанамыз. Осы тұрғыда пікіріміз бір жерден шықты. Ең бастысы – жанкүйерлердің сенімін ақтап, президенттің таңдауы дұрыс болғанын дәлелдеуіміз керек.

Тактикаға келсек, бәрі соған тіреліп тұрған жоқ. Маңыздысы – футболшылардың дайындығы мен физикалық жағдайы. Солардың әлеуетіне қарай жұмыс істейміз. Қазір сапалы үш орталық қорғаушымыз бар, соған сүйеніп, барымызды саламыз. Қазір Әліп бар, Қасым бар, Марочкин мен Жақсыбаев та қатарда. Бәрі олардың бабына байланысты», – деді бапкер.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или