Ван Нистелройдың командасы «Манчестер Юнайтедті» жеңе ала ма?

Ван Нистелройдың командасы «Манчестер Юнайтедті» жеңе ала ма?

7 ақпанда Англия кубогының 1/16 финалында «Манчестер Юнайтед» пен «Лестер» кездеседі. Ойын Астана уақытымен 02:00-де басталады.

Бұл матчқа қатысты болжам, букмекерлік коэффициенттер, командалардың қазіргі жағдайы мен статистикасын ұсынамыз. Қай команда фаворит? Қайсысы сенсация жасауға қабілетті? Барлық маңызды мәліметтер осында.

Tennisi.kz букмекерлік компаниясы дәл қазір пайдаланушыларға негізгі шотқа 4000 теңге береді. Оны алу үшін Tennisi.kz сайтында немесе қосымшасында тіркеліп, тіркеу кезінде dop24 промокодын енгізіп, шотты 3 000 теңгеден басталатын сомаға толтырыңыз. 

Бұл матчқа қатысты болжам, коэффициенттер, командалардың қазіргі жағдайы мен статистикасын қарап шығуға болады. Қай команда фаворит? Қайсысы таңғалдыра алады? Барлық маңызды мәліметтерді назарларыңызға ұсынамыз.

«Манчестер Юнайтед»

Турнирдегі жағдай: 24 турдан кейін «Манчестер Юнайтед» АПЛ кестесінде 13-орында, 29 ұпай жинаған.

Соңғы ойындар:Кубоктың 1/32 финалында Рубен Аморимнің командасы «Арсеналды» пенальти сериясында жеңіп, келесі кезеңге өтті. Негізгі уақыт 1:1 есебімен аяқталды.

«Манчестер Юнайтед» 52-минутта Бруну Фернандештің голымен алға шықты.63-минутта «Арсенал» есепті теңестірді, сол кезде «МЮ» алаңда бір ойыншысынан айырылды (Дало қызыл қағаз алды).Кейін Эдегор пенальти соға алмады, матч қосымша уақытқа ұласты, нәтижесінде «МЮ» 11 метрлік серияда жеңіске жетті.АПЛ-де «Кристал Пэластен» 0:2 есебімен жеңілді.Еуропа Лигасында «Стяуаны» 2:0 есебімен ұтып, жақсы нәтиже көрсетті.

Жетпейтін ойыншылар: жарақат алғандар – Люк Шоу, Лисандро Мартинес, Джонни Эванс, Мэйсон Маунт.

Команданың жағдайы: Басты жаңалық – «Манчестер Юнайтедтің» негізгі қорғаушысы Лисандро Мартинестің ауыр жарақаты. Ол АПЛ-дағы «Кристал Пэласқа» қарсы ойында ахилл сіңірін үзіп алды.Қысқы трансферлік терезеде команда екі жас футболшыны қатарға қостыСол қапталдағы қорғаушы Доргу («Лечче»)«Арсеналдан» келген жас ойыншы Хэвен (АПЛ-де тәжірибесі жоқ)

«Лестер»

Турнирдегі жағдай: «Лестер» АПЛ-да 17 ұпаймен құлдырау аймағында тұр.

Соңғы ойындар:Кубоктың 1/32 финалында Рууд ван Нистелройдың командасы Чемпионшип өкілі «КПР-ды» 6:2 есебімен ойсырата жеңді. Алғашқы таймда есеп 3:2 болды.Екінші таймда команда қарқынын арттырып, тағы үш гол соқты.Гол авторлары: Джастин (дубль), Мавидиди, Буонанотте, Варди (пенальти), Фаес.АПЛ-да «Эвертонға» 0:4 есебімен жеңілді.«Тоттенхэмді» 2:1 есебімен жеңіп, маңызды үш ұпай алды.

Жетпейтін ойыншылар: жарақат алғандар – Перейра, Ндиди, Фатаву.

Команданың жағдайы:Тіпті Ван Нистелрой келгеннен кейін де «Лестердің» турнирлік кестедегі жағдайы айтарлықтай жақсарған жоқ. Соңғы уақытта тек «Тоттенхэмді» жеңіп, қалған ойындарда сәтсіздікке ұшырады.Кейде команда өте сапалы ойын көрсетеді, бірақ барлық 90 минут бойы бірқалыпты өнер көрсетуге шамасы жетпей, ақыры 2-3 гол өткізіп, жеңіліп жатады. Әзірге «Лестердің» ойынында тұрақтылық жоқ.

Tennisi.kz букмекерлік компаниясының бағалауы бойынша «Манчестер Юнайтед» фаворит.«МЮ» жеңісіне – 1.32«Лестер» жеңісіне – 8.30Тең ойын – 5.90Тотал 3.5 кем – 1.72Тотал 3.5 артық – 2.12

Болжам:«МЮ» қорғаудағы негізгі ойыншысы Мартинестен айрылды. Ол қорғаныстағы ең сенімді ойыншы ғана емес, шабуыл бастайтын негізгі ойыншылардың бірі еді. Бұл команда үшін үлкен шығын.«Манчестер Юнайтед» тығыз кестемен ойнап жүр, матчтар бірінен соң бірі өтіп, әр ойыны маңызды. Ал «Лестер» керісінше, жеткілікті демалыс алды. Бұл бірінші таймда әсер етуі мүмкін, себебі «МЮ» ойынға бірден қосыла қоймайды, көбіне кездесулердің соңында ғана жеңісті жұлып алады.

Матчтарға ең қызық бәстерді Tennisi.kz сайтынан немесе мобильді қосымшасынан таба аласыздар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или