Қазақстандық спортшылар Азия ойындарында қатарынан екінші кездесуінде жеңіске жетті

Қазақстандық спортшылар Азия ойындарында қатарынан екінші кездесуінде жеңіске жетті

Қазақстан құрамасының керлингшілері Әмина Сейітжанова мен Азизбек Надирбаев Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарында екінші жеңісіне қол жеткізді.

6 ақпанда спортшылар аралас жұптар арасындағы топтық кезеңде Қырғызстанға қарсы кездесу өткізді.

Кездесу 12:5 есебімен қазақстандық спортшылап жеңіске жетті. 

Бұл жеңіс команда үшін қатарынан екіншісі болды. Бұған дейін Қазақстан құрамасы Қатар жеңген еді.

Төрт матч қорытындысы бойынша Қазақстанның еншісінде екі жеңіс пен екі жеңіліс бар. Біздің керлингшілер бұл кезеңдегі соңғы кездесуін бүгін Филиппиндерге қарсы өткізеді.

Дереккөз: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или