«Жетісудың» үшінші оқу-жаттығу жиынындағы қарсыластары белгілі болды

«Жетісудың» үшінші оқу-жаттығу жиынындағы қарсыластары белгілі болды

Талдықорғанның «Жетісу» командасы Түркиядағы үшінші оқу-жаттығу жиынына қатысатын қарсыластарын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ойын кестесі:

8 ақпан

«Жетісу» — «Петрокуб» (Хынчешты, Молдова)

9 ақпан

«Жетісу» — «Чайка» (Ростов, Ресей)

Айта кетейік, талдықорғандық клубтың Анталияда өтіп жатқан үшінші оқу-жаттығу жиыны 3 ақпанда басталды.

Талдықорғандық команда Алматыда алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізді. Екіншісі Түркияда 10-26 қаңтар аралығында өтті. Команда төрт жолдастық кездесу өткізіп, үш рет жеңіліп, бір кездесуді тең түсті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или