Қазақстан құрамасы Данияны ірі есеппен жеңді

Қазақстан құрамасы Данияны ірі есеппен жеңді

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Еуро-2026 іріктеу кезеңінің 4-турында Данияны 7:3 есебімен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz 

Бізден Дуглас Жуниор дубль жасаса, Ақжол Дәрібай, Азат Валиуллин, Дамир Қайырбай және Дәурен Тұрсағұлов бір-бір голдан соқты. 

Кездесу Астана қаласында, Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтті. Осы жеңістен кейін Қазақстан құрамасы 7 ұпаймен бірінші орынға көтерілді. 

Сырт алаңда өткен матчта Кака шәкірттері 2:3 есебімен жеңіліп қалған еді.

Келесі ойынды 7 наурыз күні Албанияға қарсы өткіземіз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или