Спорт министрлігі Азия ойындарына Қазақстан атынан алты ресейлік спортшыны жіберген

Спорт министрлігі Азия ойындарына Қазақстан атынан алты ресейлік спортшыны жіберген

Қытайдың Харбин қаласында басталған қысқы Азия ойындарына Қазақстан намысын қорғауға экс-ресейлік алты спортшы кеткен, деп хабарлайды Prosports.kz 

Есте болса, былтыр Париж Олимпиадасына да Қазақстан атынан 10-нан астам легионер қатысып, бәрі жеңіліп қалған болатын. Мұнан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі спорт министрлігін қатаң сынағанымен, Ербол Мырзабосынов басқаратын ведомство бұдан сабақ алмаған секілді.

Sportarena.kz сайтының мәліметінше, Харбинге аттанған легионерлер:

1. Александра Скороходова, таушаңғысы - Ресей.

2. Кристина Силаева, конькимен сырғанау – Ресей.

3. Софья Самоделкина, мәнерлеп сырғанау - Ресей.

4. Бойсангур Датиев, мәнерлеп сырғанау - Ресей.

5. Эдуард Михайлов, хоккей – Ресей.

6. Вячеслав Колесников, хоккей – Ресей.

Жалпы Азия ойындарында ел намысын 137 спортшы қорғайды. «Сары құрлық» бәсекесі 7-14 ақпан күндері Қытай Халық Республикасының Харбин және Ябули қалаларында өтеді. Азия ойындарының ашылу салтанатында еліміздің байрағын хоккейден ҚР спорт шебері Әділ Бекетаев пен шорт-тректен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ольга Тихонова алып шығады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или