Қазақстан құрамасы керлингтен 2025 жылғы Азия ойындарында алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Қазақстан құрамасы керлингтен 2025 жылғы Азия ойындарында алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Қытайдың Харбин қаласында 2025 жылғы қысқы Азия ойындары аясында керлингтен аралас жұптар арасындағы жарыстар жалғасып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Топтық кезеңнің үшінші матчында Әмина Сейітжанова мен Азизбек Надирбаев Қатар құрамасымен кездесті.

Қазақстандықтар бұл ойында 7:4 есебімен жеңіске жетті. Бұл – біздің керлингшілер үшін алғашқы жеңіс. Бұған дейін Сейітжанова мен Надирбаев Оңтүстік Корея мен Қытайға жол берген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или