Беларусь клубы қазақстандық футболшыны қатарына қосты
Беларусьтік «Молодечно» клубының бас бапкері Александр Храпковский Legalbet.kz сайтына командада қаралымнан өткен қазақстандық футболшылар туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Бізбен тек Азатов қалды. Оның мәселесі жақын арада шешіледі», – деді маман.
Бастапқыда «Молодечно» оқу-жаттығу жиынында 21 жастағы екі қазақстандық ойыншы қаралымнан өтті – сол қапталдағы қорғаушы Арсен Азатов пен шабуылшы Әлішер Рахымжанов. Екеуі де үлкен футболдағы жолын «Қайрат» академиясында бастаған. Өткен маусымда Азатов Қазақстан чемпионатының Бірінші лигасында «Қайсар Жас» сапында (10 матч) өнер көрсетті, ал Рахымжанов «Алтай» (11 матч, 1 гол) және «Хан-Тәңірі» (11 матч, 4 гол) командаларында ойнады. Сонымен қатар, екі футболшы да кезінде Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасында ойнаған.