«Ливерпуль» финалға шыға ала ма? Бәрі Лондонда шешіледі
Ағылшын кубогы әлі қарқын ала қоймады, ал Англия лигасының кубогы жартылай финал кезеңіне жетті. Бұл кезең екі матчтан тұрады – бірі өз алаңында, екіншісі қонақта өтеді. Бүгін параллель жұпта «Ньюкасл» мен «Арсенал» қарымта матч өткізсе, «Ливерпуль» мен «Тоттенхэм» арасындағы ойын 7 ақпанға қараған түні, Қазақстан уақытымен 01:00-де басталады.
Оны алу үшін Tennisi.kz сайтында немесе қосымшасында тіркеліп, тіркеу кезінде dop24 промокодын енгізіп, шотты 3 000 теңгеден басталатын сомаға толтырыңыз. Tennisi.kz букмекерлік компаниясы дәл қазір пайдаланушыларға негізгі шотқа 4000 теңге береді.
Бірінші кездесу күтпеген нәтижемен аяқталды – «Тоттенхэм» өз алаңында 1:0 есебімен жеңіске жетті. Бұл лондондықтардың жаңа қақпашысы Антонин Кинскидің алғашқы ойыны болды, ол керемет өнер көрсетіп, қақпаға бағытталған барлық жеті соққыны тойтарды. Жалғыз гол 86-минутта соғылды – жас швед футболшысы Лукас Бергвалль Доминик Соланкенің тамаша пасын пайдаланды. Соланке де гол соққанымен, VAR тексерісінен кейін ол есепке алынбады. Ал Бергвалльдің голы даулы сәт туғызды, өйткені кейбір жанкүйерлер швед ойыншысы бұған дейін алаңнан қуылуы керек еді деп санайды.
«Ливерпуль» сол кездесуден кейін тек бір рет жеңілді – Чемпиондар лигасында ПСВ-ға қарсы ойында. Алайда бұл матч турнирлік жағдайға әсер етпегендіктен, «қызылдар» алаңға қосалқы құраммен шыққан еді. Ал АПЛ-де Арне Слоттың командасы соңғы төрт ойынның біреуінде ғана ұпай жоғалтты – «Ноттингем Форестпен» тең ойнады (1:1). Қазіргі таңда «Ливерпуль» Премьер-лигада алты ұпайлық басымдықпен көш бастап тұр, Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде бірінші орында және екі ұлттық кубокта да жарысты жалғастырып жатыр. Ағылшын лигасы кубогы ғана қауіпте, онда «Тоттенхэмге» қарсы камбэк жасау қажет.
«Тоттенхэмнің» маусымы айтарлықтай ауыр өтіп жатыр. АПЛ-дегі жағдай көңіл көншітпейді, сын мен мемдер толастар емес, ал команда көшбасшыларының жарақаттары жағдайды одан әрі қиындата түсті. Бас бапкер Эндж Постекоглу негізгі қақпашысы мен қорғаныс шебінің басым бөлігін жоғалтты, бұл – команданың ойынына кері әсер ететін фактор. Соған қарамастан, «Тоттенхэм» Лига кубогы үшін күресіп жатыр. Егер олар «Энфилдте» нәтижеге қол жеткізіп, кейін трофейді жеңіп алса, бұл нағыз ерлік болмақ.
Tennisi.kz букмекерлік компаниясы матчқа мынадай коэффициенттер ұсынады: «Ливерпульдің» жеңісі – 1.25, тең нәтиже – 6.70, «Тоттенхэмнің» жеңісі – 10.00. Финалға «Ливерпуль» шығады деген болжамға 1.36 коэффициент берілсе, лондондықтардың өту мүмкіндігі 3.16 деп бағаланып отыр.
Сондай-ақ, Tennisi.kz эксклюзив бәстер қатарын ұсынады, оның ішінде «Ливерпуль» 2024/25 жылғы АПЛ маусымында кемінде 100 ұпай жинайды деген бәс те бар. Бұл болжамға 15.00 коэффициенті қойылған.
Матчтарға ең қызық бәстерді Tennisi.kz сайтынан немесе мобильді қосымшасынан таба аласыздар.