«Реалдың» даулы жеңілісінен кейін Ла Лигада екі төреші қызметінен шеттетілді
"Эспаньол" мен "Реал" арасындағы ойынға қатысты төрешілердің қателіктері үлкен дауға себеп болды.
Осыған байланысты басты төреші Алехандро Муньис Руис пен VAR төрешісі Иглесиас Вильянуэва қателіктері үшін уақытша шеттетілді.
Ең көп сынға ұшыраған сәт — Карлос Ромероның Килиан Мбаппеге жасаған фолы болды. Испанияның Судьялар комитетінің төрағасы Луис Медина Кантальехо бұл жағдай қызыл картаны талап ететіндей ауыр қателік деп айтты. Бірақ Муньис Руис "Эспаньол" қорғаушысына тек сары картаны көрсетті. Ромеро ойыннан кейін Мбаппеден кешірім сұрады.
Осы жағдайға байланысты "Реал" Испанияның футбол федерациясына және Спорт министрлігіне ресми шағым жолдады. Олар төрешілік сапасын жақсартуды және алаңдағы әділдікті қамтамасыз етуді талап етті.
Дереккөз: sports24.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или