Тимофей Скатов Үндістандағы турнирдің екінші айналымына шықты

Тимофей Скатов Үндістандағы турнирдің екінші айналымына шықты

Қазақстандық теннисші, әлемнің 202-ракеткасы Тимофей Скатов хард төсенішінде өтіп жатқан Ченнай (Үндістан) челденджер турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz

Өткен аптада Астанада Пәкістанмен матчта ел намысын қорғаған қазақстандық спортшы алғашқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 430-орында тұрған чехиялық теннисші, 20 жастағы Гинек Бартонмен өткізді.

Екі сетте де 6:4 есебі тіркеліп, Скатов жеңіске жетті.

Сағат жарымға жуық уақытқа созылған бәсеке барысында Тимофей 3 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың үшеуін мүлт жібермеді. Бартон 11 эйс, 1 брейкпен көзге түсті.

Тимофей Скатов ширек финалға шығу үшін әлемнің 225-ракеткасы, ресейлік Аслан Карацевпен таласады. Ол рейтингіде 296-сатыдағы франциялық Корентен Деноллиді тізе бүктірді – 7:6 (7:4), 6:4. 

Дереккөз: Kaz.inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или