«Реал Мадрид» ойыншысы сүйіктісін тастап, оның анасымен көңіл жарастырды

«Реал Мадрид» ойыншысы сүйіктісін тастап, оның анасымен көңіл жарастырды

Мадридтік «Реал» клубының сол қапталдағы қорғаушысы Фран Гарсия сүйіктісімен айрылысып кетті. Ол болашақ қалыңдығына адалдық танытпаған деп айыпталып жатыр, деп жазады Prosports.kz 

Белгілі болғандай, Гарсия сүйіктісінің көзіне шөп салған. Ол көңілдесті сырттан іздемей, қыздың анасымен көңіл жарастырыпты. Екеуі төсекте жатқан жерінен ұсталған деп жазады The Sports Grail басылымы.

Әлеуметтік желіде Гарсияны келеке етіп жатқандар көп. Әу баста сүйіктісі болғысы келген еді, енді өгей әкесі атанып отыр деген пікірлер бар. Футболшының өзі бұл жайтқа қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Айта кетейік, Фран Гарсия «Реал Мадрид» сапында 2023 жылдан бері ойнайды. Оған дейін «Райо Вальекано» сапында өнер көрсеткен. Негізі өзі «Реалдың» түлегі саналады.

Дереккөз: 1bol.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или