Криштиану Роналду мансабындағы 923-голын соқты

Криштиану Роналду мансабындағы 923-голын соқты

«Аль-Наср» Азия чемпиондар лигасында ірі жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Өз алаңында «Аль-Васлды» 4:0 есебімен жеңді.

Алаң иелері сапында Криштиану Роналду дубль жасады. Португалиялықтың еншісінде 923 гол бар. Али Аль-Хассан мен Мохаммед Аль-Фатиль бір-бір голдан соқты.

«Аль-Насрдың» 16 ұпайы бар және қазір Батыс аймақта бір ойын кем өткізген «Аль-Хиляль» командасымен бір деңгейде үшінші орында тұр.

«Аль-Васл» 11 ұпаймен бесінші орында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или