«Жетісудың» бұрынғы қақпашысы «Атырауға» ауысуы мүмкін
Ресейлік қақпашы Арсен Сиукаев мансабын «Атырауда» жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
28 жастағы қақпашы «Мұнайшылар» құрамында жаттығудан өтеді.
Бұрын Сиукаев ресейлік «Кубань», «Биолог», «Машук» және «Спартак Нальчик» клубтарында ойнаған, қақпашының мансабында армениялық «Арарат-Армения» және «Лори» клубтары да болды.
2023 жылы футболшы «Ақсуда» ойнаған, Сиукаев кейінгі маусымды «Жетісу» құрамында өткізді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или