«Шахтер» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына шақырылған ойыншылар тізімін жариялады
«Шахтер» Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына шақырылған ойыншылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Шахтер» оқу-жаттығу жиындарына Түркияға аттанады.
4 ақпан күні «Шахтер» футбол клубы маусымға дайындықтың соңғы кезеңін бастап, Түркияға оқу-жаттығу жиындарына аттанады.
Жиындарымыз 4-24 ақпан аралығында Ларада өтеді. Маусым алдындағы дайындық аясында команда бірнеше бақылау матчтарын өткізеді.
«Кеншілердің» қарсыластары туралы ақпарат кейінірек жарияланады», - делінген клуб хабарламасында.
Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына шақырылған «Шахтер» футболшылары:
Қақпашылар: Игорь Шацкий, Владислав Лошкарев, Нұралы Нұрғалиев;
Қорғаушылар: Михаил Габышев, Олжас Керімжанов, Шахсұлтан Зубайділда, Рустам Жанхаев, Мирас Ділмұрат, Александр Мигунов, Богдан Савкив, Тагир Сакенов, Богдан Чернобук, Рамазан Әлімхан;
Жартылай қорғаушылар: Рафаиль Оспанов, Аңсар Алтынхан, Даниял Таханов, Максим Галкин, Рифат Нурмугамет, Роман Асылбаев, Максим Холод, Мансур Ділмұрат, Дмитрий Бачек, Георгий Захаренко, Уәлихан Мұхаметжанов, Юрий Перцух, Александр Васюнькин;
Шабуылшылар: Айдос Тәттібаев, Максим Комиков, Ерлан Тұтқабаев.