Рыбакина Ресейдің бірінші ракеткасымен бірлесіп жаттығу өткізді (видео)

Рыбакина Ресейдің бірінші ракеткасымен бірлесіп жаттығу өткізді (видео)

2022 жылғы Уимблдон чемпионы, әлемнің бесінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина әлемнің 11-ракеткасы, ресейлік теннисші Дарья Касаткинамен бірге Әбу-Дабидегі WTA-500 турнирі қарсаңында бірлескен жаттығу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Абу-Дабидегі турнир бүгін, 3 ақпанда басталып, 8 ақпанға дейін жалғасады. Жарыстың кестетсінде былтыр осы турнирде чемпион атанған Рыбакина көш бастап тұр. Елена титулын қорғауды екінші айналымнан бастайды, онда 23 жастағы америкалық Кэти Волынецпен (Q) кездеседі.

Ал Касаткина алғашқы айналымда 20 жастағы америкалық теннисші Эшлин Крюгермен күш сынасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или