Тайсон өзіне ең ауыр соққы жасаған боксшыны атады
Бұрынғы абсолют әлем чемпионы, америкалық Майк Тайсон өзіне ең ауыр соққы жасаған боксшыны атады. «Темір Майк» рингте екі рет кездескен отандасы Эвандер Холифилдті ерекше атап өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Мен жұдырықтасқан ең мықты панчер кім? Мен Эвандер Холифилдті атаймын», – деді Тайсон.
1997 жылы Тайсон Холифилдтің құлағының бір бөлігін тістеп алып, жекпе-жек шеттетілгеннен кейін жеңіс Эвандерге берілген болатын. Алғашқы кездесуде Холифилд Тайсонды нокаутқа түсірген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или