Виктор Темиров Германияда екі жекпе-жек өткізеді
Жеңіліп көрмеген қазақстандық кәсіпқой боксшы Виктор Темиров (6-0, 4 КО) алдағы жекпе-жектерінің күндерін білді, деп жазады Prosports.kz
BoxRec.com мәліметіне сәйкес, Темиров екі апта ішінде екі рет рингке шығады: 29 наурызда Фленсбургте және 12 сәуірде Квакенбрюк қаласында. Әзірге оның қарсыластарының есімдері жарияланған жоқ.
Темиров соңғы жекпе-жегін 2 қарашада Германияның Бад-Херсфельд қаласында өткізіп, никарагуалық Робин Самораны (21-35, 10 КО) төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіп, бірінші орта салмақта WBF European титулын иеленді.
24 жастағы Виктор Темировты Германияда жас Геннадий Головкинмен жиі салыстырады, өйткені ол да кәсіпқой мансабын осы елде бастаған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или