Допты хоккей: «Ақжайық» ресейлік командадан ірі есеппен есе қайырды

Допты хоккей: «Ақжайық» ресейлік командадан ірі есеппен есе қайырды

Допты хоккейден жоғары лига командалары арасында бүкілресейлік жарыста өнер көрсететін «Ақжайық» өз айдынында «Маяк» (Краснотурьинск) командасын қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz 

Николай Шавалдин жаттықтыратын оралдықтар өз тобында екінші орында тұрса, краснотурьинскілік клуб үшінші сатыда еді.

Өткен жылы 16 желтоқсанда «Ақжайық» Краснотурьинскіде алғашқы ойында «Маякты» 4:3 есебімен ұтса, бір күннен кейін 4:10 есебімен жеңіліп қалған еді.

Содан бері қатарынан 12 матчта жеңіске жеткен батысқазақстандық клуб бүгінгі матчта да іркілмеді. «Маякты» 10:2 есебімен тізе бүктіріп, есе қайтарды.

«Ақжайықтан» команда сұрмергені Максим Пахомов 7 голдың авторы атанса, «Маяк» қақпасына Артем Лапшин, Максим Өтебалиев, Самат Аманшин бір-бірден доп енгізді. Сондай-ақ Рауан Исалиевтің 7 рет нәтижелі пас бергенін атап өткен жөн. 

Ертең қос команда екінші кездесуін өткізеді.

Дереккөз: Kaz.inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или