Түркітілдес халықтар арасында алғаш рет футболдын «Turan Cup» турнирі өтеді

Түркітілдес халықтар арасында алғаш рет футболдын «Turan Cup» турнирі өтеді

Түркітілдес елдер арасында алғаш рет «Turan Cup» футбол турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz. 

2025 жылдың 20 наурызына жоспарланған бұл жарыс түркі әлемінің бірлігін нығайту мақсатында ұйымдастырылуда.

Турнирге Түркия, Қазақстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түрікменстан және басқа да түркітілдес елдердің клубтары қатысады. Турнирдің ұйымдастырушысы – Түркия футбол федерациясы.

Турнир биыл балалар арасында ұйымдастырылады. Жарыстың алғашқы нұсқасы Түркияда өтіп, кейіннен өзге елдерге беріледі.

Жарыстың нақты өтетін орны мен қатысушы командалар туралы қосымша ақпараттар алдағы уақытта жарияланатын болады.

Дереккөз: inbusiness.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или