Жаңартылған ATP рейтингіндегі қазақстандық теннисшілердің орындары белгілі болды

Жаңартылған ATP рейтингіндегі қазақстандық теннисшілердің орындары белгілі болды

Теннисшілердің кәсіби ассоциациясы (ATP) жаңа рейтинг жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Жалпы сында итальяндық Янник Синнер әлі де бірінші орында тұр, екінші орынға неміс теннисшісі Александр Зверев жайғасқан. Ал үштікті испандық Карлос Алькарас толықтырып отыр.

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Монпелье турнирінде титулын қорғай алмай, 10 сатыға төмен түсіп, 49-шы орынға орналасқан. Александр Шевченко жеті сатыға төмендеп, 82-ші орында, ал Михаил Кукушкин өзгеріссіз, 112-ші орында қалды.

Жұптық сында бірінші орын сальвадорлық Марсело Аревало мен хорват Мате Павич арасында бөлінді. Үшінші орынға британдық Генри Паттен жайғасты.

Қазақстандық Александр Недовесов екі сатыға төмендеп, 62-ші орынға түсті, ал Бублик жұптық сында да өзгеріссіз, 115-ші орында қалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или