Азиада-2025: Қазақстан құрамасы Гонконгпен кездеседі
3 ақпанда Қазақстан құрамасының спортшылары Қытайдың Харбин қаласында өтетін 2025 жылғы қысқы Азия ойындарында жүлделер үшін күресті бастайды.
Азия ойындарында алғаш болып мұз айдынына хоккейші қыздар шығады. Қазақстан құрамасы турнирдегі алғашқы матчында Гонконг командасымен кездеседі.
Ойын Астана уақытымен 16:30-да басталады. Азия ойындарын тікелей эфирде Qazsport телеарнасы көрсетеді.
Айта кетейік, Азия ойындарының ресми ашылу салтанаты 7 ақпанда өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или