Қазақстандық теннисшілер WTA рейтингінде қай орындарға жайғасты
Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жеке және жұптық сында жаңа рейтинг ұсынды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Еліміздің бірінші нөмірлі теннисшісі Елена Рыбакина бесінші орынды сақтап қалды.
Юлия Путинцева 21-орынға түсті.
Жібек Құламбаева 320-шы орынға жайғасты.
Зарина Дияс 353-орынға көтерілді.
Үздік үштік өзгеріссіз қалды: Арина Соболенко (Беларусь), Ига Швентек (Польша) және Кори Гауфф (АҚШ).
Жұптық сында Анна Данилина 20-орыннан 19-ға көтерілді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или