Зайнутдинов Ла Лига клубының трансферлік рекордын тіркеуі мүмкін
Вальядолид «Бешикташпен» қазақстандық жартылай қорғаушы Бактиёр Зайнутдиновтың трансфері туралы келіссөздерді жалғастыруда, деп хабарлайды Prosports.kz.
Түркия клубының басшылығы өз ұстанымын нақты айтты: егер Вальядолид Зайнутдиновты қазір сатып алғысы келмесе, онда Бешикташ жалға беруге келіседі. Бірақ осы маусымнан кейін испаниялықтар ойыншының құқығын міндетті түрде 5 миллион еуроға сатып алуға тиіс.
Егер Вальядолид «Бешикташқа» Зайнутдинов үшін осындай соманы төлеуге келісетін болса, Баха 2022 жылы «Спортингтен» 9 миллион еуроға сатып алынған шабуылшы Гонсало Платадан кейінгі клубтың екінші ең қымбат трансфері болады.
Шабуылдаушы ойыншыларды қоспасақ, «Вальядолидтің» ең қымбат трансфері орталық қорғаушы Хави Санчес болды: ол 2020 жылы «Реалдан» 3 миллион еуроға ауысқан.