«Қазақ жауынгері» әлемдік рейтингке жоғары көтерілді
«Қазақ жауынгері» лақап атымен танылған қазақстандық боксшы Елшат Нығметолла (21-0-1, 8 КО) жуырдағы жеңісінен кейін Boxrec.com рейтингіндегі орны жоғарылады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Нығметолла Бангкоктағы (Таиланд) бокс кешінде өнер көрсетіп, төртінші раундта индонезиялық Фласидус Нуноны (10-2-2, 8 КО) нокаутқа жіберді. Елшат WBA Asia титулына ие болды және BoxRec ең жеңіл салмақтағы рейтингінде 37-ден 24-орынға көтерілді.
Елшат Нығметолланың былтырғы өнеріне келсек, ол екі жекпе-жек өткізіп, екі жеңіске жетті, алдымен қазақстандық төрешілер шешімімен, кейін нокаутпен жеңіске жетті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или