Ла лига: «Барселона» минималды есеппен жеңіске жетті
Испания чемпионатының 22-туры аясында «Барселона» мен «Алавес» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл ойындп «Барселона» «Алавесті» 1:0 есебімен жеңді. Жалғыз голды 61-минутта Роберт Левандовски соқты.
«Барселона» 45 ұпай жинап, турнирлік кестеде «Реал» (49) мен «Атлетикодан» (48) кейінгі үшінші орында тұр. Ал «Алавес» 21 ұпаймен 18-сатыға жайғасқан.
Айта кетейік, келер турда «Барселона» сырт алаңда «Севильямен» ойнаса, «Алавес» өз алаңында «Хетафені» қабылдайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или