Георгий Жуков Польша чемпионатында дебют жасады
![Георгий Жуков Польша чемпионатында дебют жасады](https://prosports.kz/storage/images/b894a1ed32fa78d357431d7d3593558b_mqvVDEuQsTQ584Fkq426n8jBp5Pv1RdRZyLiq8bE.jpg.webp)
Қазақстан құрамасының бұрынғы футболшысы Георгий Жуков Польшаның «Пуща» клубы сапында алғашқы матчына шықты.
30 жастағы жартылай қорғаушы Польша чемпионатының 19-турында «Гурник» (Забже) командасына қарсы ойында 46-минутта алаңға шықты. Сол кезде «Пуща» 0:1 есебімен жеңіліп жатқан еді.
Айта кетейік, «Пуща» клубы 31 қаңтарда Жуковпен келісімшартқа отырғанын ресми түрде жариялаған болатын. Келісім 2026 жылдың 30 маусымына дейін есептелген.
Бұған дейін Жуков Қытайдың «Цанчжоу Майти Лайонс» командасында ойнады. Өткен маусымда Қытай Суперлигасында 23 матч өткізіп, 1 гол және 1 нәтижелі паспен көзге түскен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или