UFC президенті Эр-Риядта өткен турнирді сынады

UFC президенті Эр-Риядта өткен турнирді сынады


UFC президенті Дана Уайт бүгін Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өткен UFC Fight Night 250 турниріндегі Сергей Павлович пен Жаирзиньо Розенстрайк арасындағы жекпе-жек туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz «Чемпионат» басылымына сілтеме жасап.

«Бұл сұмдық жекпе-жек болды. Шынында да сұмдық. Кештегі жалғыз айқас, жанкүйерлердің ысқырығына ұшыраған. Бірақ бұл Сергейдің мүмкіндіктерін жоққа шығармайды», – деді Дана Уайт баспасөз мәслихатында.

Кездесу толық үш раундқа созылып, төрешілер бірауыздан Павловичтің жеңісін тіркеді – 30-27, 30-27, 30-27.

Жекпе-жек өте сақ өтті. Екі файтер де үш раунд бойы бір-біріне сирек шабуыл жасап, айқын соққылар алмастырудан тартынды. Дегенмен, әр раундта Павлович қарсыласын партерге түсіріп, бақылауда ұстай білді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или