Сергей Липинец Лондондағы бокс кешінде жеңілді
Қазақстандық боксшы Сергей Липинец жартылай орта салмақтағы IBO тұжырымы бойынша жекпе-жекке шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Лондондағы Уэмбли аренасында өткен кештің басты жекпе-жегінде 35 жастағы қазақстандық (18-4-1, 13 КО) британдық үміткер Адам Азимнен (13-0, 10 КО) тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңілді.
Айта кетейік, IBO титулы әлемдік бокстағы маңыздылығы жағынан бесінші орынға ие болып саналады және жетекші ұйымдар (WBA, WBC, WBO, IBF) мойындамайды. Бұл белбеу абсолютті әлем чемпионы мәртебесін алу үшін қажет емес.
Еске салайық, Сергей Липинец Қазақстан атынан 2022 жылдан бері өнер көрсетіп келеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или