Конькимен сырғанау. Қазақстан Италиядағы әлем чемпионатында екінші алтын медаль жеңіп алды

Конькимен сырғанау. Қазақстан Италиядағы әлем чемпионатында екінші алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық конькишілер Италияда өтіп жатқан әлем чемпионатының жасөспірімдер кезеңінде алтын жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz. 

Қазақстандық Алена Лифатова, Алина Дауранова және Арина Ильященко Коллалбо қаласында (Италия) өтіп жатқан жастар арасындағы әлем кубогының кіші кезеңінде командалық спринтте жеңіске жетіп, Қазақстанға осы күнгі екінші алтын медалін әкелді.

Олар 1:35,56 нәтиже көрсетті. Күміс жүлдені Италия спортшылары (1:37,71), қоланы Норвегия құрамасы жеңіп алды (1:39,20).

Бұған дейін команда қоржынына Алина Дауранова алтын медаль салған еді. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или