Бокс. Руслан Мадиев WBA Asia белдігін сақтап қалды
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Руслан Мадиев (16-2, 6КО) кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz inform.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстандық боксшы Таиланд астанасы Бангкок қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде басты жекпе-жегінде өнер көрсетті. Қортындысында, Руслан Мадиев филиппиндік қарсыласы Али Канегамен (11-1-1, 7КО) 10 раунд жұдырықтасып, WBA Asia титулын сәтті қорғап қалды.
Айта кетерлігі, бокс кешін қазақстандық Irfin Promotions және жергілікті TL Boxing Promotion бірігіп ұйымдастырып отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или