UFC Fight Night 250 турнирінің барлық нәтижесі
UFC Fight Night 250: толық нәтижелер (Эр-Рияд, Сауд Арабиясы, 1 ақпан 2025 ж.)
Негізгі кард
Нассурдин Имавов (15-4) – ТКО 2 – Исраэль Адесанья (24-4)Имавов екінші раундтың басында Адесаньяны ауыр нокдаунға түсіріп, оң қолымен оверхенд соққысын дәл тигізді, артынан сол қолымен жалғастырып, партерде бірнеше соққы жасап, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады.
Майкл Пэйдж (22-3) – бірауыздан қабылданған шешім 3 – Шарабутдин Магомедов (15-0)Пэйдж Магомедовты қашықтықтан соққылармен басым түсіп, 30-27, 30-27, 29-28 есебімен жеңіске жетті.
Сергей Павлович (18-3) – бірауыздан қабылданған шешім 3 – Жаирзиньо Розенстрайк (15-5)Жанкүйерлер күткендей жылдам нокаут орын алмады. Қос ауыр салмақтағы файтерлер бір-бірінің соққы күшін құрметтей отырып, сақ ойнап, жекпе-жекті партерде жалғастырды. Нәтижесінде Павлович 30-27 есебімен жеңіске жетті.
Винисиус Оливейра (21-3) – бірауыздан қабылданған шешім 3 – Саид Нурмагомедов (18-3)Нурмагомедов алғашқы раундта Оливейрадан басым болғанымен, кейін Винисиус оны күрес арқылы шаршатып, жалпы жекпе-жекте белсенді болды. Нәтижесінде 29-28 есебімен жеңіске жетті.
Фарес Зиам (16-4) – бірауыздан қабылданған шешім 3 – Майк Дэвис (11-2)Зиам 30-27 есебімен сенімді түрде жеңіске жетті.
Алдын ала кард
Мухаммад Наимов (11-3) – бірауыздан қабылданған шешім 3 – Каан Офли (11-3-1)Наимов 30-27, 30-27, 29-28 есебімен жеңіске жетті.
Шамиль Газиев (13-1) – КО 1 – Томас Питересен (9-2)Газиев бірінші раундта оң қолымен дәл соққы жасап, Питересенді есінен тандырды.
Терренс Маккинни (15-7) – ТКО 1 – Дамир Хадзович (14-7)Маккинни қарсыласын партерге түсіріп, фулл-маунтта тоқтаусыз соққылар жасап, жекпе-жекті ерте аяқтады.
Жасмин Ясудавичус (12-3) – бірауыздан қабылданған шешім 3 – Майра Буэно Силва (10-4-1)Ясудавичус үш төрешінің де 30-27 есебімен жеңді.
Богдан Град (14-2) – ТКО 2 – Лукас Александр (8-4)Град екінші раундта фулл-маунтта соққылармен жекпе-жекті аяқтады.
Хамди Абдельвахаб (5-0) – бөлінген шешім 3 – Джамал Погус (11-4)Абдельвахаб 29-28, 29-28, 27-30 есебімен жеңіске жетті.