«Қазақ жауынгері» Азия чемпионы атанды
Кәсіпқой бокста «Қазақ жауынгері» лақап атымен өнер көрсетіп жүрген қазақстандық кәсіпқой боксшы Елшат Нығметолла (20-0-1, 7КО) кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетті.
Қазақстандық боксшы Таиланд астанасы Бангкок қаласында өткен кәсіпқой бокс кешінде шаршы алаңға шығып, индонезиялық Фласидус Нуноны (10-1-2, 8КО) нокаутқа жіберіп, аса жеңіл салмақтағы WBA Asia титулын жеңіп алды.
Айта кетерлігі, Елшат Нығметолла кәсіпқой бокста 2019 жылдан бастап Қазақстанның намысын қоғап жүр. Супер жеңіл салмақта әлемдік рейтингіде 37-орында тұр.
31 жастағы спортшы 2014 жылы кәсіпқой боксқа ауысып, 2016 жылы WBO тұжырымы бойынша Қытай чемпионы, 2018 жылы WBC тұжырымы бойынша Азия чемпионы атанған болатын.
Дереккөз: inform.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или