Криштиану Роналду «Дағыстандық қазақтың» жекпе-жегін тамашалауға келді. Видео

Криштиану Роналду «Дағыстандық қазақтың» жекпе-жегін тамашалауға келді. Видео

«Әл-Наср» шабуылшысы Криштиану Роналду Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) «Кингдом Аренада» өткен UFC Fight Night 250 турниріне келді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Португалиялық жұлдыз Сергей Павлович пен Жаирзиньо Розенстрайк арасындағы жекпе-жек кезінде аренада көрінді. Бұл кездесуде ресейлік файтер бірауыздан қабылданған шешіммен жеңіске жетті.

Турнирдің басты жекпе-жегінде Исраэль Адесанья (24-4) мен Насурдин Имаов (15-4) кездеседі. Ал кештің қосалқы басты жекпе-жегінде Шарабутдин «Шара Буллет» Магомедов (15-0) Майкл Пэйджбен (22-3) күш сынасады.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или