Неймар «Сантос» сапындағы таныстырылымында жылап жіберді

Неймар «Сантос» сапындағы таныстырылымында жылап жіберді


Бразилиялық шабуылшы Неймар «Сантос» ойыншысы ретінде таныстырылым барысында көз жасын тыя алмады, деп хабарлайды Prosports.kz Sport24 басылымына сілтеме жасап.

Футболшының таныстырылымына толық стадион жиналып, жанкүйерлер оның есімін ұрандатты.

Неймар – «Сантос» клубының түлегі. Ол бұл команда сапында 2009-2013 жылдар аралығында өнер көрсетіп, барлық турнирде 225 матчқа қатысып, 136 гол соғып, 64 нәтижелі пас берген. Қазіргі келісімшарты 2025 жылдың жазына дейін есептелген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или