Қазақстандық боксшы Таиландта нокаутпен жеңіске жетті
Қазақстандық боксшы Армат Арманұлы (1-1, 0 КО) Бангкокта (Таиланд) өткен кәсіпқой бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Арманұлы пәкістандық Хабиб Ур Рахманмен (6-1, 5 КО) жұдырықтасты. Орта салмақтаңы алты раундқа жоспарланған жекпе-жек екінші раундта аяқталды. Қазақстандық боксшы нокаутпен жеңіске жетті.
Осылайша, Армат Арманұлы кәсіпқой рингтегі екінші жеңісіне қол жеткізді. Ал Хабиб Ур Рахман үшін бұл карьерасындағы екінші жеңілісі. Айта кетейік, Арманұлы кәсіпқойлар арасында 2024 жылдың маусымынан бастап өнер көрсетіп келеді. Ол Қазақстанда екі жекпе-жек өткізді — алдымен Шымкентте, кейін Алматыда. 21 жастағы қазақстандық боксшы алғашқы кездесуінде төрешілер шешімі бойынша жеңіліп, екінші жекпе-жегінде жеңіске жеткен еді.