Қазақстандық фристайлшы Әлем кубогында үздік сегіздікке енді

Қазақстандық фристайлшы Әлем кубогында үздік сегіздікке енді

Фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының өкілі Юлия Галышева Валь-Сен-Комда (Канада) өтіп жатқан Әлем кубогында үздік сегіздікке енді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Жеке могулда спортшы іріктеуден сәтті өтті, бірақ шешуші финалға өте алмады. Қорытынды хаттамада ол 68,36 ұпай жинап, сегізінші орынды иеленді. Жеңіс канадалық Майя Швингаммерге бұйырды.

Өзге қазақстандықтар Аяулым Амренова мен Анастасия Городко сәйкесінше 17 және 37-орындарды иеленді. Ерлер арасында отандық спортшылардан Павел Колмаков 23-орынға жайғасты. Федор Бугаков 41-орынға, Антон Бондарев 44-орынға ие болды. Жеңісті Канададан келген олимпиада чемпионы Микаэль Кингсбери иеленді.

Әлем кубогының кезеңі Қазақстан уақыты бойынша ақпанның 2-не қараған түні аяқталады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или