Арман Царукян кіммен жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты

Арман Царукян кіммен жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты

UFC-де өнер көрсететін америкалық Майкл Чендлер келесі жекпе-жегін кімге қарсы өткізгісі келетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Былтыр қарашада Чендлер UFC 309 турнирінде (Нью-Йорк, АҚШ) бразилиялық Чарльз Оливейраға қарсы жекпе-жекте төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіліп қалған болатын.

«Арман Царукян – менің ықтимал қарсыласым. Себебі Дэйна (Уайт) Арман сенімді қайтару үшін тағы бір жекпе-жек өткізуі керек екенін айтты. Чарльз Оливейра келесі кездесуде титул үшін күресе ме? Мен білмеймін. Бірақ ол менің келесі қарсыласым болмайтыны анық», – деді Чендлер MMA Junkie басылымына берген сұхбатында.

Сондай-ақ, Майкл ықтимал қарсыластарының қатарында ұлыбританиялық Пэдди Пимблетт, америкалық Бенейл Дариуш және ирландиялық Конор МакГрегорды атады.

Чендлер ММА-де 32 жекпе-жек өткізіп, 23 рет жеңіске жеткен.

Айта кетейік, 2022 жылы желтоқсанда Арман Царукян төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен қазақстандық файтер Дамир Исмағұловты жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или